Қытайдың Sinohydro корпорациясы Тәжікстанда су электр станциясын салу мүмкіндігін зерттеуде

Ақпарат көзіне сүйенсек, Р. Алимов корпорация директорына гидроэнергетика саласындағы Тәжікстанның инвестициялық жағдайы және болашағы жөнінде толықтай мағлұмат берген. Тәжікстан мен Қытай арасындағы саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастық аясында тәжік дипломаты Тәжікстан өзендерінің бірінде су электр станциясын салу мүмкіндігін зерттеп көруді ұсынды.

Зенг Ксинглианг бұл ұсынысты зейін қоя қабылдап, таяу арада Тәжікстанға сарапшылар тобын жіберу ниетін білдірді.

Sinohydro корпорациясы гидротехникалық және гидроэлектрлік жобалар құрылысы саласында жетекші орын иеленіп отырған ірі ұлтаралық компания. 1950 жылдардан бері қарай Қытайдағы ірі және орта су электр станцияларының 70 пайызын Sinohydro корпорациясы салған. Қазіргі уақытта корпорация 20-дан астам су электр станцияларын салу үстінде.