Қытайдың Сычуань провинциясында тағы да жер сілкінісі болды

Қуаты 5,0 болатын жер сілкінісі сейсенбі күні жергілікті уақытпен 17 сағат 30 минутта Мяньчжу уезінде тіркелген. Құрбан болғандар мен қираулар туралы ақпарат жоқ.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қытайдың Сычуань провинциясында магнитудасы 7,8 балл жер сілкінісі 12 мамырда болды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, зілзаладан 69 146 адам қаза тапты. 17,5 мың адам хабар-ошарсыз кеткендер санатында, 374 мың адам жарақаттанды.

Қытайдың Сычуань провинциясындағы жер сілкінісі шалғайда жатқан 4 мың ауылда 1,4 млн адамды тақыр кедейшілікке душар етті. Бұл туралы ҚХР Мемлекеттік кеңесінің жанындағы даму және кедейлікпен күрес жөніндегі жетекші топ департаментінің директоры Сюй Хуэй мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі "China Daily" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

С. Хуэйдің айтуынша, орта есеппен әрбір ауыл баспана, инфрақұрылым мен негізгі қызметтерді қалпына келтіруге 3 млн юань ($438 мың ) көлемінде инвестиция жұмсауды талап етеді. Бұл дегеніміз, үкімет Сычуань, Ганьсу және Шэньси провинцияларының ауыл тұрғындарының басты сұранысын қанағаттандыру үшін үш жылдың ішінде кем дегенде 12 млрд юань бөлуге тиіс деген сөз.