Қытайдық сейсмологиялық қызметі хабарлағанындай, 16 сағат 21минутта Қытайдың Сычуань провинциясында Рихтер шкаласымен қуаты 6.4 баллға жететін жаңа жер сілкінісі болды. Зілзала орталығы Цинчуань уезінде, 32,6 солтүстік ендік, 105,4 шығыс бойлықта болған.
ҚХР мемлекеттік кеңесінің баспасөз брифингінде айтылған соңғы мәліметтер бойынша 25 мамырда 12 сағатта Сычуань провинциясында болған жер сілкінісі салдарынан қаза болғандар саны 62 664 адамды құраса, 358 816 адам жарақат алған, ал 23 775 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.
Жер сілкінісінен зардап шеккендерге материалдық көмек ретінде шетелдік донорлар мен басқа ұйымдардан 29 млрд юань ($4,2 млрд) келіп түсті.