Қуаты Рихтер өлшемі бойынша 6,6 балл болған зілзала салдарынан 9 адам қаза тауып, 19-ы жарақаттанған (11 адамның жағдайы ауыр деп бағалануда). Жер сілкінісі Қытайдың оңтүстік-батысындағы Тибет автономиялық ауданында Лхаса аумағындағы Дамсюн уезінде кеше сағат 16.30-да болған. Сілкініс ошағы Тибеттің әкімшілік орталығы - Лхасадан 76 шақырым жерде тіркелген. Жер асты дүмпулері Лхаса, Шигацз және Шаньнань округінде сезілген.