Қытайдың Тяньцзинь қаласында қуатты жарылыс болды

Куәгерлердің айтуынша, жарылыс дүмпуінен бірқатар тұрғын үйлердің әйнектері сынған. Жарылыс болған ауданда ірі өрт шықты. 
Әзірге оқиғаның себептері туралы ақпарат жоқ. Алдын ала мәліметтер бойынша 50-ден астам адамның зардап шеккені белгілі. Кей БАҚ-тардың хабарлауынша, жарылыс жанар-жағармай стансасында болғанға ұқсайды.