Бұл туралы Хубэй провинциясының денсаулық сақтау ісі жөніндегі комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Тұтастай алғанда, өткен тәулікте Қытайда коронавирусты жұқтырудың 14 жаңа оқиғасы анықталды, СОVID-19 байланысты бірде - бір өлім оқиғасы тіркелген жоқ", - деп хабарлайды ҚХР денсаулық сақтау ісі жөніндегі мемлекеттік комитеті.
Коронавирусты жұқтырған 14 науқастың 12 – і жергілікті (Цзилинь – 11, Хубэй – 1 провинциясы), екеуі - шет елден жұқтырып келген (Шанхай).
Коронавирусты симптомсыз 20 науқас жұқтырған, оның біреуі – "импортталған". Эпидемия шыққан сәттен бастап Қытайда COVID-19 диагноз қойылған жалпы саны 82 901 адамды құрайды, ауруханадан шыққан және сауығып кеткендердің саны-78 120 адам, өлім-жітім көрсеткіші-4633. Ел ауруханаларында коронавирустан 148 адам емдеу курсынан өтіп жатыр,13 пациенттің жағдайы ауыр деп бағаланады.