Қытайлар қазақтың «Дайдидау» әнін қытайшаға аударып, желіге таратты. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.
Халық әнін қытай тіліне аударып айтылған туынды әрине Димаштың орындауына жетпейді. Кейбір күрделі тұстары жеңіл айтыла салған. Бірқатар желі қолданушылары осындай пікір қалдырыпты. Дегенмен белгісіз қытай әншісінің орындауындағы "Дайдидау" жаман шықпаған.
Еске сала кетсек, Димаш Құдайберген I am a Singer жобасының 7-кезеңінде домбырамен “Адай” күйі мен қазақтың халық әні “Дайдидауды” орындап, қытайларды тәнтті етті. Кейін Димаштың өзі мақсатыма жеттім, қазақ әнін, өнерін миллиардттар алдында көрсеттім деген еді.