Қытайлар Қуат Найманға чемпиондық атағы үшін беруі тиіс ақшаны неге төлемей жүр

Қытай тарабы келісім-шарт бойынша чемпиондық белдік үшін төлуі тиіс ақшаның бір бөлігін әлі төлемеген, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы.

Бұл жайлы ММА бойынша өнер көрсетіп жүрген қазақстандық спортшы Қуат Хамитов өз парақшасында былай деген:

- Көптеген сауалдардың бірі WBK ұйымының чемпиондық атағын не үшін қорғамай жүргеніме жауап берейін. Себебі, Қытай жағы келісім-шарттағы өз міндеттерінің бір бөлігін орындамады. Олар маған чемпиондық жекпе-жек үшін төлеуі тиіс ақының 1/3 бөлігін әлі төлеген жоқ. Сол үшін іс әлі созылып келеді. Осы көктемде бір ортақ шешімге келіп, Қытайда чемпиондық атағымды қорғау үшін сайыс өткіземін деп үміттемін.

Еске салсақ, Қуат Хамитов 2016 жылы Қытайдың Шанхай қаласында өткен аралас жекпе-жекте украиналық Андрей Митрофановтан чемпиондық атақты тартып алған болтан. Ал оның алдында бір жыл бұрын америкалық Элитон Гоместі жеңіп чемпион атанды. .