Қытайларға қарсы Ресейдегі Тува түркілері де көтерілді

Бұл Ресейдің Тува Республикасындағы кен орындардың бірінде болған оқиға. Онда жергілікті түркі халықтарының бірі саналатын тывалар Лунсин кеншінде басшылық қызметте істейтін қытайлық азаматты соққыға жығып, жауап алған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Ал видеоны желіге Борис Мышлявцев есімді фейсбук қолданушысы жүктеген.

Мәліметтерге қарағанда кінәлі қытайлық менеджер жігіт алдында тұрған ұлты тыва жұмысшы қызды анасымен бірге жер жебіріне жетіп балағаттаған. Бұған дейін де қытайлықтардан әбден қорлық көріп келген жұмысшылар бұған шыдамай әлгіні ұрып-соғып жазаламақ болады. Видеода ашулы жұрттың «еліңе кет» дегені анық естіледі.

Ал Лунсин Тувадағы қытайлықтар сатып алған кен орны. Онда жергілікті тұрғындармен қатар қытайлық жұмысшылар да көптеп жұмыс істейді.

Акцияларын қытайлықар сатып алған кәсіпорындар мен мұнай компаниялары елімізде де бар. Бұған қоса билік жуырда 50 қытай зауытын Қазақстанға көшіру туралы уағдаластыққа де қол жеткізді.