Лу Сяоцзюнь 77 келіге дейінгі салмақта екі жаттығудың нәтижесі бойынша 380 келі (176+204) зіл темірді көтерді. Осылайша, олимпиада рекордын 1 келіге жаңартты. Екінші орын 359 келі (163+196) нәтижесімен КХДР өкілі Ким Кванг Сонгуға тиді. Ал өзбекстандық Ұлықбек Әлімов 355 келіні (158+197) көтеріп, үшінші орынға тұрақтады.
Ауыр атлетика бойынша әлем чемпионаты қазанның 27 күні аяқталады.