Қытайлық генерал өз-өзіне қол салды

Генерал-майор Чэнь Цзе есімі 1997 жылы Гонконгты Ұлыбританиядан ҚХР-ға тапсыру рәсімін ұйымдастыру барысында белгілі болды.  Ол  ҚХАА құрама қолбасшылығы Оңтүстік театрының саяси комиссары лауазымын атқарды.

Газет дереккөздерінің мәліметтеріне сәйкес 54 жастағы генерал-майор  5 тамызда Шэньчжэнде қайтыс болды. Оның өліміне тыныштандыратын дәріні мөлшерден тыс тұтынуы себеп болды. «Чэнь жанып тұрған от еді. Оның 6 тамызда лауазымын  жоғарылатуы тиіс болатын», - деп хабарлады газетке дереккөздердің бірі.

Әскери сарапшы Лян Голянның пікірінше, Чэнь Цзенің суициді ҚХАА-дағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеуге  байланысты болуы мүмкін.