Қытайлық iPhone 6s алу үшін бүйрегін сатпақ болған

Ол досымен бірге интернеттен Қытайда заңсыз ағза сатумен айналысатын агентті тапқан.

Агент оларға ота алдында клиникада дәрігерлік тексеруден өтуге ұсыныс жасайды. Жігіттер тексеруден өткенмен агент кездесуге келмеді.

Жігіт бұл кезде өмірлік маңызы бар ағзасын сатудан айнып қалып, досына бұл жайында айтқан. Бірақ  ол мәмілені бұзбауды талап еткен соң полицияға жүгінуіне тура келеді.

Құқық қорғаушылар әзірге бой тасалаған «досын» таппай жатыр.