Қытайлық Ханчжоу қаласы 2022 жылғы Азия ойындарын өткізу құқығына ие болды


АОК бұл шешімді Түркіменстан астанасы Ашхабадтағы 34-ші конгресінде қабылдады.

Ханчжоу 2022 жылғы Азия ойындарын өткізуге кандидат болған жалғыз қала болатын. Сонымен, аймақтық ойындар Қытайда үшінші рет өткізілмек. Бұған дейін  1990 жылы Бейжіңде және 2010 жылы Гуанчжоуда ұйымдастырылған еді. Айта кетсек, соңғы Азия ойындары 2014 жылы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында болса, ал 2018 жылы Индонезиядағы Джакартада өткізілмек.