Қытай футбол клубы мадридтық «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналдуны өзіне ауыстырып алу үшін 300 млн. еуро ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lenta.ru-ға сілтеме жасап.
«Мадридтіктерге трансфер үшін 300 млн. еуро ұсынылды, ал Роналдуның өзіне жылына 100 млн. еуродан астам жалақы төлемек. Бірақ ақша - ең маңыздысы емес қой. «Реал» - бұл оның өмірі», - деп атап өтті форвардтың агенті Жорже Мендеш Sky Sport-қа. Испандық БАҚ-тың мәліметінше, Мадридте Роналду аптасына 427 мың еуро табыс табады. Онымен бір мезгілде, ол әлемдегі жалақысы ең жоғары футболшы болып табылмайды. Ең үлкен жалақыға қытайлық «Хэбэй Форчун» командасының аргентиналық форварды Эсекиэль Лавесси (аптасына 577 мың еуро) ие. 12 желтоқсан күні Роналду 2016 жылдың қорытындысы бойынша «Алтын доптың» иегері атанған болатын. Бұл «Алтын доп» оның мансабындағы төртіншісі (2008, 2013, 2014, 2016).