Қытайлық корпорация алып кеме пішіндес ғимарат тұрғызды

Енді  Enterprise кемесіне ұқсас ғимарат Қытайдың шығысындағы Чанлэ (Фучжоу) қаласының тұрғындарын таң қалдыруда, деп хабарлайды 24.kz. Корпорация басшысы Лю Дэцзянь штаб-пәтерді дәл осы пішінде салу үшін құқықты америкалық CBS телерадиожелісінен сатып алған екен. Оның 6 жыл бойы жүргізілген құрылысы 2014 аяқталды. Жобаны іске асыру үшін 160 миллион доллар жұмсалды, деп жазады newsru.com.  Бүгінде қытайлық штаб-пәтер «Стартрек» стилінде салуға лицензия алған әлемдегі жалғыз ғимарат болып табылады.