Қытайлық миллионер барлық дүние-мүлкін халыққа таратып, лашықта тұрып жатыр

Оның бұндай қадамға баруына Людің досымен бірге саяхаттап жүріп жол апатына түсуі себеп болды.

«Иә, мен көп ақша таптым. Сондай-ақ ол өмірім өзіме ұнайтын еді. Алайда қазір бәрі де өзгерді. Менің досыммен Цинхай провинциясында жол апатына түсуім өмірімді түбегейлі өзегртті», - дейді кәсіпкер ағынан жарылып.

Қазір Лю Цзинчонг қарапайым ғана лашықта тұрып жатыр.

Лю жол апатынан кейін буддистік философияны оқуға  толықтай ден қояды, ал бұл жерде материалдық жағдай адамға көп қайғы-қасірет алып келеді деп үйретеді. Нәтижесінде кәсіпкер өмірін өзгертуге бел буады.

«Мен барлық дүние-мүлкімді таратып бердім. Оның ішінде 8 автокөлік, жекеменшік үй, қала сыртындағы үйлер болды. Қазір мен кішкентай лашық сатып алып, сонда тұрып жатырмын. Бұл жерде мен  діни мәтіндерді оқимын», - дейді ол.