Қанды қақтығыс Қашқар қаласына жақын маңда болды. Мұздай қаруланған ұйғыр сепаратистері құқық қорғау органының ғимаратына басып кірген. Қытай полициясы бүлікшілерді аяған жоқ, шабуыл жасаған тоғызын сол жерде атып тастады. Сондай-ақ қақтығыс кезінде 2 тәртіп сақшысы қаза тапқан. Жалпы Шыңжаң аймағындағы ұйғыр сепаратистері билікке қарсы осындай акцияларды жиі ұйымдастырады. Өткен айда ғана Бейжіңнің Тяньаньмэнь алаңында лаңкестік шабуыл жасалған болатын.