Қытайлық спортшы Ли Сюеин 58 келіге дейінгі салмақта ауыр атлетикадан олимпиада чемпионы атанды

Екі жаттығу ұпайында ол жұлқа көтеруде 108 келі және серпе көтеруде 138 келі көтеріп, 246 келіні бағындырды. Екінші орын Таиланд елінің ауыр атлетшісі Примсири Сирикаевке, үшінші орын украиндық спортшы Юлия Калининаға бұйырды.

Ли Сюеин 1990 жылы 15 мамырда Хэнань елді мекенінде дүниеге келді. Оның бойы 161 см, салмағы 58 келі. Оның әпкесі Ли Сюецзиу де ауыр атлетикамен айналысады.