Қытайлық заң шығарушылар "бір жанұя-бір бала" демографиялық қағидасын бәсеңдетті

Енді ата-аналардың бірі отбасында жалғыз бала болғанда жағдайда, ондай жанұяларға екінші балалы болуға рұқсат етіледі.

Бұрынғы заңға орай, ондай құқық екі ата-ана да өз жанұяларында жалғыз бала болған кезде ғана берілетін.

"Бір жанұя-бір бала" саясаты Қытайда 30 жыл бұрын енгізілген.


Жергілікті БАҚ бұл Қытай халқының қартаюына әкеп соқты, деп атап өтуде. Және де бұл қағида қытайлық қоғамның басым бөлігінің наразылығын туғызған.