"Қыз алып қашқандар нағыз қылмыскер": Алматы Арена маңында қыз алып қашқандар видеоға түсіп қалды (ВИДЕО)

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қайрат Құдайбергеннің фейсбук желісінде парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Бұндай опасыздықты қашан доғарамыз???

Қызбаланың және әке-анасының келісімінсіз, көне салт-дәстүрімізді сылтаулатып әйел адамның құқығын таптап, малға теңеп, ұрлап, одан кейін бармаймын деген үйде психологиялық тұрғыда қысым жасап (ақ орамалды жерге тастамайсың ғой, апаларымыз жерге жатып: “үлкен кісінің үстінен атайсың ба?” және т.б) тұрмысқа шығуға мәжбүрлейді.

Қыз баланы білмейтін адамдға тұрмысқа шығуға мәжбүрлеу менімше нағыз қылмыс!

Өзімнің 15 жасар қызым бар. Бізбен бұндай опасыздық болған жағдайда, мен ұрлаған адамдарды заң бойынша жауапқа тартқызатын едім!

Мына ситауция бойынша, қыз баланы ұрлаған адамдар нағыз қылмыскер сияқты жұмыс істеген. Беттерін жасырып, көліктің нөмірлерін шешіп тастаған (бұның өзі заң бұзушылық).

Менің ойымша бұл адамдарды заң бойынша жауапқа тартып, қатаң жазалау керек!", деп жазды ол.

Оқырмандардың бірі пранк десе, енді бірі салт-дәстүр деп жазды. 

Болған жайт видеода "Алматы арена" жақта деп жазылған. Іздестірді жұмыстары жүргізіледі. Бұл қандай да бір пранк немесе телевединиялық түсірілім болу мүмкін емес деп көрсетілген.