Қыз бейнесін сомдаған Нағима Есқалиеваның ұлы қызу талқыға түсті

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

Белгілі әнші Нағима Есқалиеваның ұлы Диас Аблаев қыз бейнесін сомдаған бейнебаянға түсіп, қызу талқыланды. 

Бейнебаянның аты "Boom" деп аталады. Онда Диастың өзі қыз киімін киіп түскен. 

"Вокалдан сабақ беріңдерші мынаған, сосын музыканың не екенін түсіндіріңдер", "Нагима апай біле ма екен? Нагима апай, яғни, мамасы айтқан НЕ ПОЙ ДЕП", "Диас өлең айтуды доғара саласыз-ау. Мән-мағынасы жоқ сөздер, мағынасы жоқ клиптер", "Еркекке не керек осындай әрекет жасап. Ерке еркек болып қалу керек. Қазақ жігіттері үшін өте ұят", деп жазды оқырмандар. 

Ал, бейнебаянды ұнатқандар өз пікірлерін былай деп жеткізді: "Ооо, үнемі осындай ерекше стиліңмен елді таңқалдырасың", "Айтқандар айта берсән. Көре алмайтындар ұяттан басқа ештеңе айтпайды", "Тек алға. Біз сені қолдаймыз".