Көпшілік бұл әрекетті қызды сатумен теңеген, деп жазады Caravan.kz медиа порталы.
Аталған видео желідегі танымал парақшалардың бірінде пайда болған. Онда қызға құда түскен жақ қалың малды еуро түрінде әкеліп, жас келіннің туыстарына таратып жатқан сәтін анық көруге болады.
«Қыздың қалың малын санағанда, 11 мың еуро екен. Біздің теңгемен санағанда, 5,5 млн теңге. Мынаның ішінде сыйлықтары бар, еуроға мынадаймен бөліп, алып келіпті. Қыздың қалың малы, мына екі сағатты тағып, ертең тойға барғанда көрсетеміз», - деп айтылған видеода.
Желі қолданушылары аталған дәстүрге жаппай қарсы шыққан. Олар: «Бұл дұрыс емес, қызды сатумен тең», «ШҚО-да қызды сатпайды, бұл не деген көргенсіздік», «Қызды сатпай-ақ беруге болмай ма?» деп жазды олар.