«Қыз туғыш қатын екен»: Бесінші қызын перзентханадан сән-салтанатпен шығарып алған Алтынай Жорабаева жұрттың жаппай сынына ұшырады

Өнер иесін шығарып алуға бірқатар өнер жұлдыздары да барған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Әнші қуанышты жаңалығымен желідегі парақшасында бөлісті.

«Алла ұлық, қуанышымызды бөлісіп келген туғандарымызға, құрбы-құрдастарымызға мың алғыс. Амина қызымыз дүниеге келгелі, құттықтап ақ тілек жаудырып жатқан баршаңызға Алла разы болсын», - деп жазды ол.

Желі қолданушылары әншіні айтулы жаңалығымен жаппай құттықтаған.

«Бауы берік болсын», «Үлкен азаматша болсын», «Көпке үлгі болатын қыз болсын» деп жазды олар. Десе де, олардың арасында әншіні жаппай сынға алғандар да болды.

«Қыз туғыш қатын екен», «Ер адамдарға ұл керек, жай бер жақтары айта береді олар, ар жақтары бәрібір ұлды аңсап тұрады», «Тағы да тәуекелге барып, ұл перзентті дүниеге әкеліңіз» деп жазды олар.