Қыз – тіршіліктің тірегі.
Қазақ қызын қашанда қадір тұтқан. Қасиетке балаған. Төрін ұсынған. Себебі, қыз - өріс. Қыз – кие. Қыз – ұлтының ұяты. Қыз – халқының шырайы. Қыз - өмірдің бастауы. Қыз – тіршіліктің тірегі.
Бұл қасиеттер қыз ғұмырдың пешенесіне әуел бастан - ақ бұлжымастай етіп жазылғандай. Ал сол ақ үрпек балапанын аялы алақанынан ұшырарда қай ата - ананың болмасын көңілі тоқып, жан тебіренісіне түсері хақ. Сосын өзегін жарып шыққан балапанына: «Құтты орныңа қонып, бағың ашылсын!» деп Жаратқаннан тілек тілеумен болады.
Ердің бағы - жарынан. Жақсы әйел ерінің есіктегі басын төрге сүйрейді, жаман әйел ерінің төрдегі басын көрге сүйрейді. Еріңді үй азаматы емес, ел азаматы қылу сенің зайыптылық парызың. Сондықтан, бұдан былай үйдегі еркелікті тастап, қыз көңілден қайтқайсың, зайыптылық өмірге байыппен аяқ басқайсың.
Қимайды ұзатқан жақ қыз баласын,
Жан дүниең қалай ғана сыздамасын.
Құдалар алақанға салып бердік,
Жүректің жұлып алып бір парасын.
Бір баламыз бүгінде екеу болды,
Жас - жұбайлар одағы бекем болсын.
Көңіл де, көзде тояр күйеу бала,
Болма тек үш жұртыңа сүйеу ғана,
Жарыңның жұлдызы бол бақыты бол.
Мұндай қыз бұл дүниеде біреу ғана!
Қызымыздың қонған жері құтты болсын! Денсаулығы мықты болсын! Жүрегі оның түкті болсын, сауған малы сүтті болсын! Өзге елде қадірі арта берсін! Енесі мен анасын бірдей көрсін, көпбалалы ана болып, гүлдей берсін!
«Бала бақытын қыздан іздейді, Қыз бақытын түзден іздейді» деген екен дана бабаларымыз. Біздің қызымыз бақытын сіздің шаңырақтан іздеп келді. Үлпілдеген үкіміз бізден өтті – сіздерге жетті. «Жібекті түте алмаған жүн етеді», — дейді. Жүн етсеңіз де, гүл етсеңіз де ендігі жауапкершілік жүгі — өздеріңізде, қадірлі құдалар!
Құрметті құда-құдағи! Сөзімнің бірінші бөлігін сіздерге арнағым келеді! Біздің еккен дәніміз пісті. Үйімді жарық еткен нұрым, жүрегімді тербеген жырым, ана жұмыртқасын жарып, ақ құсқа айналып, көрші бәйтерекке ұя салмаққа ұшып барады. Әлемде әке үшін өзінің қызынан асқан сұлу қыз жоқ. Ендігі кемдігін өзің толтыр, құрметті құд-құдағиым! Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, күнге күйдірмей, суыққа тоңдырмай бой жеткіздім, өсірдім. Ендігі жерде Еңлікгүлімнің сүйегі – менікі, еті – сіздікі. Менен — өтті, Сізге- жетті. Қыз бала — өзге елдің аманаты. Өзге ел – Сіз үшін асырап-жеткерген көзімнің нұры, бауыр еті баламның ендігі жердегі тағдырын сізге аманаттаймын, құрметті құда-құдағи! Бұдан былайғы жерде обалды мен сауабы да, қызығы мен рахаты да Сіздің босағаңызда, құрметті құда-құдағи! Менің мәпелеп өсірген аппақ гүл-қызым! «Қыз бала – қонақ» деген осы. Маған өзіңе сөз арнау өте ауыр, қызым! Сені мұңайтқым келмейді, қуантқым келеді. Өйткені өз қалауыңмен теңіңді тауып, бақытты сапарға шығып барасың. Мен осыны ойлап қуанамын! Бүгін жота басына қатар тігілген қос шыбықтарым – күйеу балам екеуіңе бар айтар тілегім: қараған ел қызығатын, қою көлеңкесі ел игілігіне асатын жемісті бәйтерекке айналыңдар. Ертең аппақ желегі желбіреп келін болғалы тұрған қызым, саған айтарым: сен де құдағилыққа жетіп, тілек айт! Бастарыңды — бұлт, бауырларыңды мұз шалмасын! (ана тілегі)
Шаңырақтың шырағысың, шаттығы,
Текті жердің тұяғысың, ақ гүлі.
Мың жыл құда болуға да атты күн,
Екі жасқа құдай берсін бақ бүгін.
Әке-шешең арнап отыр жыр-ағын,
Кәусар, таза мөлдіреген бұлағым,
Барған жерге судай сіңіп, ұнағын,
Бақытты бол, бақытты бол, шырағым!
Тілеуің тілеп тұрды аппақ,
Қимайды іштей ата – ана.
Қыз едің өскен бұлғақтап.
Аттайсың бөгде босаға.
Әлпештеп басқан бауырға,
Кем көрмей ұлдан шалқытып.
Ата – ана қалып ауылда,
Асықтың тұр деп жар күтіп.
Анаңның жолын жалғадың,
Жат жұртқа кетіп барасың.
Сүюдің татып бал дәмін,
Жарыңмен тапқын жарасым.
Бақыт бол барған жеріңе,
Жүзіңе кірбің жуымай.
Береке қонсын төріңе,
Демесін "жаман қылығы-ай".
Қылығың түзде – ержеттің,
Ие бол ақыл – тізгінге.
Гүлі бол барған әулеттің,
Тастай бат, судай сіңген де.
Тіршілік деген майдан бұл,
Өмірдің әлі сыны алда.
Жарыңмен бірге жайнағын
Ұқсағын асқақ шынарға!
Көкірегі сырға толы күй - дастан,
Алатаудай арманы бар жүздеген,
Өзі өскен ортасына сыймастан
Түзден бақыт іздейді екен қыз деген.
Тағдыры оның суық қарап, сыздана,
Шешімі ауыр сын артқанмен санаға.
Көктемдегі қарлығаш қой қыз бала,
Айналатын шуақ шашқан Анаға!
Қазақ қызын қашанда қадір тұтқан. Қасиетке балаған. Төрін ұсынған. Себебі, қыз – өріс. Қыз – кие. Қыз – ұлтының ұяты. Қыз – халқының шырайы. Қыз – өмірдің бастауы. Қыз – тіршіліктің тірегі. Бұл қасиеттер қыз ғұмырдың пешенесіне әуел бастан-ақ бұлжымастай етіп жазылғандай. Ал сол ақ үрпек балапанын аялы алақанынан ұшырарда қай ата-ананың болмасын көңілі тоқып, жан тебіренісіне түсері хақ. Сосын өзегін жарып шыққан балапанына: «Құтты орныңа қонып, бағың ашылсын!» деп Жаратқаннан тілек тілеумен болады. Міне, бүгін қызымыз ата-ана ұясынан ұшып, жүрегінің қалауымен өмірлік серігі ……(аты) қол ұстасып, қызығы мен қиындығы қатар үлкен өмір жолына аттанды. Сөйтіп ата-анасының өрісін кеңейтті. Отбасын құру – үлкен абыройлы іс. Абыройлы іске биік рух керек. Барған жеріңде бағың ашылсын, шаңырағың биік, босағаң берік болғай! Екеуің қазақтың үлгі тұтар отбасына айналыңдар!
Еліңе елеулі бол,
Халқыңа қалаулы бол.
Ата-енеңе жағымды бол,
Қайынаға, қайындарға қайырымды бол.
Ауылыңа айбарлы бол,
Күйеуіңе жайдарлы бол.
Ердің бағы – жарынан.
Жақсы әйел ерінің есіктегі басын төрге сүйрейді, жаман әйел ерінің төрдегі басын көрге сүйрейді. Еріңді үй азаматы емес, ел азаматы қылу – сенің зайыптылық парызың. Сондықтан, бұдан былай үйдегі еркелікті тастап, қыз көңілден қайтқайсың, зайыптылық өмірге байыппен аяқ басқайсың.
ok.ru