Қызанақ қайта өңдеу зауытының жұмысы жанданды - ОҚО

Қызанақ егілген жерлерде егін жинау науқаны жүргізіліп жатыр. Зауыттың технологиялық желілері шикізатты қайта өңдеуді және томат езіндісі концентратын шығаруды бастады, деп хабарлады «Жаңа Ақдала» Агрофирмасы» ЖШС баспасөз қызметінен. 

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданындағы «Жаңа Ақдала» Агрофирмасы» ЖШС қызанақ қайта өңдеу зауыты 2009 жылы пайдалануға берілген. Өндірісте «Rossi Catelli» маркалы итальяндық жабдық қойылған. Іске қосылу сәтінен бастап және 2012 жылдың соңына дейін зауытта 9 000 тонна көлемінде томат пастасының концентраты шығарылды, бірақ қаржыландырумен және менеджментпен байланысты мәселелер үшін кәсіпорын өз жұмысын тоқтатқан болатын.

2014 жылдың қыркүйек айында қайта өңдеу кәсіпорнында өндіріс технологиялық желілерін сауықтыру бойынша жүргізілген шаралардан кейін қайтадан өнім өндіруді бастады. Бүгінгі күні шаруашылық 170 га жерде егін жинау науқанын жүрігізіп жатыр. Биыл 10 мың тоннаға жуық қызанақ жиналады, ал концентратталған томат пастасы - 1400 тоннадан астам көлемде шығарылады деп жоспарланып отыр.