"Қыздай алып қатын қылып тастағандар оңбайды": Сұлу бойжеткендермен жиі көзге түсіп жүрген Заңғар Нұртасқа халық ауыр сөздер айтты

Оның желідегі парақшасында соңғы уақыттары қыздармен бірге түскен видеолары көбейіп кетті. Мұны байқаған халық Заңғарды ауыр сынның астына алды, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы. 

"Жібектің өміріне балта шауып, қыздай алып қатын қылып тастағандар оңбайды", "Отбасын ұстап қалу үлкен жауапкершілік", "Дүрілдетіп той жасады. Әншілер интернетте 1 ай шулады. Енді тағы біреу" деген сынды пікірлерін жазуда. 

Айта өтейік, Заңғар Жібекпен 2022 жылдың наурыз айын шаңырақ көтерген болатын. Көп өтпей ажырасып кеткендіктері туралы Заңғар Нұртас сұхбаттарының бірінде мәлімдеген.