Қыздар арасында халықаралық гандбол федерациясының құрлықаралық "Ауыспалы трофей" сайысы болады.


Оған Қазақстан, Конго, Куба және Финляндия командалары қатысады. Халыықаралық гандбол федерациясы "Ауыспалы трофей" жобасын жүзеге асыруды 2010 жылы бастаған болатын. Ол әйелдер мен ерлер командалары ойыншыларының шеберліктерін шыңдау үшін және жаттықтырушылардың, дене шынықтыру пәні оқытушылары мен төрешілерінің біліктілігін көтеру мақсатында халықаралық және ұлттық федерациялардың бірлесіп өткізетін ресми іс-шарасы. "Ауыспалы трофей" жарысының жыл соңында болатын құрлықтық кезеңі Қазақстанда биыл тұңғыш рет өткелі отыр. Ұйымдастырушылар бұл байрақты бәсеке аясында жарысқа қатысушы елдердің төрешілері мен жаттықтырушылары үшін арнайы семинарлар өткізуді де жоспарлауда.