Имам қыздардың әркіммен танысып, ер-азаматтармен қабаттасып жүретінін айтты, деп жазды Caravan.kz медиа порталы.
Қадір түнінде аватарға қоятын әдемі кадр үшін мешітке келетін жас қыздардың мешітке барғанына қарсы. Дұға оқып салауат айтудың орнына, Қыдыр ата келеді деп күтір отыратындар көп.
Имамның айтуынша, қыздардың әрекеті жамағаттың ғибадат жасауына кедергі жасайды.
- Қыз балалардың мешітке барса, елдің назарын аудармайтын халде болуы керек. Өкінішке орай, қыздар бар әдемі жалт-жұлт еткен киімін киіп, шашақтарын тағып, қолдарына телефондарын алып, ер-азаматтармен қабаттасып, кіріп-шығып жүреді. Бұл жылда болатын жағдай. Қыз балалар әркіммен танысып, қылтың-сылтың жасайтын жер емес
, дейді имам.