Қыздарды тәнін сатуға мәжбүрлеген танымал «Мама Роза» сотталды


- Сондай-ақ, бар мүлкі тәркіленсін. Ал жазасын қатң тәртіптегі түзету мекемесінде өтесін.

Сондай-ақ, Хамболатованың жеті сыбайласы да бүгін бес жылдан тоғыз жылға дейін арқалады. Сот ең қатал жазаны көлік жүргізушісі болып қызмет жасаған экс-полицей Ақылбек Азатқа кесті. Ол полиция сержанты деген шенінен айырылды әрі қатал тәртіптегі түрмеде 9 жыл өмірін өткізуі тиіс. Негізінен бұл жеңгетайға жан-жақты қолдау көрсеткен Алмалы аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары. Жүзге жуық қызды тәнін саудалауға жағдай жасаған Серік Бегасылов қазір іздеуде жүр. «Мама Роза» олардың ақысына ай сайын 4 мың доллар төлепті. Осындай «құдіретті қолдаушыларының» арқасында жеңгетайдың еркінсігені сонша, тіпті арнайы диспетчерлер телефон арқылы тапсырыс қабылдап көлікпен қажетті мекен-жайға жеткізіп отырған.