Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық топ мүшелері жас қыздар мен келіншектерді жыныстық қызмет көрсету үшін алыс шетелдерге жөнелтіп отырған.
Тергеу кезінде белгілі болғандай, қыздарды алдап қолға түсіру операциясы Талдықорған қаласында және облыстың барлық аумағында жүргізіліп келген. Қыз табуға көмектескен қонақ үй, сауналар мен моншалардың әкімшілеріне 300-400 доллар беріп отырған.
Операция кезінде полицейлер күдіктілерді қылмыс үстінде құрықтады. Олар Талдықорғанда бірнеше қызды шетелге асырмақ болған жерде қолға түсіпті.
Аталған қылмысқа күдікті ретінде Қазақстанда тұратын 29 бен 43 жас аралығындағы үш әйел тіркелген. Олардың екеуі құрықталды.
Заңсыз мәмілелерді қаржыландырып отырған үшінші әйел әзірге шетелде жүр.