Тіпті болашақ келініне қояр талаптарын да жасырмады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
"Ұл өсті деген осы... Жүрген жерде Әмина апам құсап, келін іздеп жүретін болдым қазір. Рас айтам... Бірақ... Тақия киіп Тайлақ болайын деп тұрған Асылжан жоқ әрине... Менікі аналық тілек қой...
Ибалы, инабатты, тәрбиелі, ақылды, дана, сұлу, мінезі көркем қыздарыңыз бар ма???", - деген ол.
Айта өтейік, Асылжан Әбдімүтәлиев - актриса Айгүл Иманбаева мен актер Сәбит Әбдіхалықовтың ортақ баласы. Жұлдызды отбасының ұлы да өнерден алыс емес. Оның режиссерлығымен түсірілген "Әке жолы" фильмі көптің назарын өзіне аударған еді.