Көпшілікті дүр сілкіндірген бейнежазба көптің талқысына түсіп кеткен. Алайда кейін істің мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, көлік жүргізушінің арыққа лақтырған адамы қыз бала емес – мас жігіт екен. Бірақ бұл ер адамның қылығына араша бола алмайтыны анық.
"Біз арыққа лақтырған қыз бала туралы анықтадық. Бүгін Kris-P Almaty Сәтбаев көшесінде көліктердің қозғалысына кедергі келтірген ер адамның (мас күйде болуы мүмкін) видеосын жариялаған болатын. Оның күртешесіне қарағанда, бұл сол "қыз", - деп жазады Qumash telegram-арнасы.
Жас жігіт медициналық көмекке жүгінбеген. Керісінше оған жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл салынды.
Ал оны арыққа лақтырған азаматты полиция іздестіріп жатыр.