Орал қалалық сотынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш екеу дәмханадан шыққан жәбірленуші мен оның дос қызын көріп, соңдарына түседі. Көп ұзамай мас күйінде кейін қалып қойған қыздың дәрменсіз күйін пайдаланып, күштеп автокөлікке отырғызып, сотталушының бірінің пәтеріне әкеледі. Сол жерде сотталушының бірі қызды зорлайды. Содан кейін қызды қала шетіндегі орманға алып шығып, тағы зорлайды. Сол жерде оны қалдырып, өз беттерімен кетеді. Кейін сол маңнан қыздың мүрдесі табылады.
Сотталушылардың айыбы толықтай дәлелденді.
Сот қызды зорлап, орманда тастап кеткен қылмыскерлерді жалпы тәртіптегі колонияда жазасын өтеуге 8 және 9 жылға бас бостандықтарынан айырды.