Ол 8 наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылып отыр.
Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Ресей елдерінің барлық аймақтарынан келген қолөнер шеберлері Орталық Азия аумағында өткізілетін ең ірі шығыс көрмесінде өздерінің үздік туындыларын ұсынды.
Көрмеге - киім, зергерлік бұйымдар, қыш ыдыстар, музыкалық аспаптар, шығыс миниатюралары, тері өнімдері, киіз, жібектен жасалған бұйымдардың кең ауқымындағы сыйлықтар мен кәдесыйлар қойылған. Бұл көрмеден ұлттық бұйымдардың әр түрлі технологиямен өрнектеліп, гүлдендіріліп жасалғанын көре отырып, олардың ұлттық көркемөнермен тығыз байланысты екенін байқауға болады.
«Біз барша аматылықтарға және қала қонақтарына ұлттық қолөнер шеберлерінің туындылары арқылы көктем мерекесінің жылуын, әдемілігін сыйлағымыз келді. Бұл мерекені барлық қалалықтар күтетіні рас. Мұнда Орта Азия елдерінің 150- ден аса қолөнершілері өз туындыларын әкеліп отыр. Жәрмеңкеде тек көрме бұйымдарын қызықтап, оны сатып алуға ғана емес, сонымен қатар, жаңа достар мен ескі таныстарды кездестіріп, көптеген жаңа ақпараттар алуға болады» - дейді, шараны ұйымдастырушы, «Бақыт» Декоративті қолданбалы өнер орталығының төрағасы Бақыт Әбдікәрімов.
Сондай-ақ, көрмеге келушілерге арнап, қышпен жұмыс жасау әдістері жөнінде шеберлік сыныптары жүргізілді. Онда көрермендер тек қыш өнерін қызықтап қана қоймай, сонымен қатар, қыш бұйымдарын өз қолдарымен жасау мүмкіндігіне ие болды. Оны Қазақстанның қышпен жұмыс істейтін суретшілері Марат Сәрсебаев және Әлиасқар Мұсаев өткізді.