Қызғаншақ қытай әйелінің көңілдестерін отбасыларымен қоса қырып тастаған


Тергеу органдарының мәліметінше, Шао Цзунци әйелінің қатарынан екі көршісімен көзіне шөп салып жүргенін біліп қалады. Ашуға булыққан ер адам әйелінің көңілдестерін отбасыларымен қоса атып тастаған.
Нәтижесінде 6 адам ажал құшып, тағы үшеуі түрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Күдікті бұл қылмысын толығымен мойндады. Ал бұған қызғаныш себеп болды деп түсіндірді. Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда.