Ал енді біреулер өзгенің «бақытын» қызғанып жатады. «Оның зәулім сарайы бар, менде неге жоқ» деген секілді, деп жазады Jastar.kz.
Жалпы, қызғаншақтық адами тұрғыдан нашар сезім, орынсыз қызғану тіпті бүтіндей бір отбасының күл-талқан болуына себеп екенін, оның қоғамға да кері әсер ететінін білеміз. Ал бұл жаман сезім дейміз бе, жаман әдет дейміз бе қызғаншақтық жеке адамның денсаулығына әсері қандай? Енді осы жайлы дәрігерлердің тұжырымдамасымен толығырақ айтсақ.
- Қызғаныш пен көреалмаушылық миға, өт қабы мен бауырға «шабуыл» жасайды.
- Күйзеліс, абыржу мен депрессия симптомдарын тудырады, сондықтан қанға адреналин мен норадреналин өте көп мөлшерде түседі.
- Ағзада гормондардың көп шығарылуы қанның бауырда тұрып қалуына сеп болады, ал ол өт қабында өттің дұрыс «өндірілмеуін» тудырады. Соның салдарынан токсиндердің сыртқа шығарылуы бәсеңдеп, иммунитет әлсірейді, ұйқысыздық пайда болады, қан қысымы жоғарылайды, адреналин мен холестериннің деңгейі артады, ас қорыту бұзылады.
Қызғаныш жүйке жүйесін де зақымдайды.