Қызлордада оқушылар құрылысшылармен бірге білім алуға мәжбүр

Мәселен Қызылорда қаласындағы №120 мектепте әлі күнге дейін жылу жүйелері толық орналастырылмай, іске қосылмапты. Электр желілері де ашық-шашық жатыр. Спортзал болса күрделі жөндеу жұмыстарынан қалған құрылыс заттарына толып тұр. Сондықтан оқушылардың дене шынықтару сабағын сыртта өткізуден басқа амал жоқ. Ал Шиелі ауданының Еңбекші ауылында 2013 жылдың желтоқсанында пайдалануға берілген мектептен шикілік шықты. Оқу ордасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қосымша нысандар салу үшін жалпы 486 млн теңге бөлінген екен. Алайда сол қаржының 7 миллионы қайда кеткендігі белгісіз. Жұмыс болса аяқсыз қалған. Сметалық құжатта көрсетілген спорт алаңының орны әлі күнге дейін бос. Ең қызығы бұл нысан толықтай салынып бітті деген актіге арнайы комиссия қол қойыпты.

Әліби Зейнолла, Қызылорда облысы прокурорының аға көмекшісі:

-Сот-құрылыс сараптамасы тағайындалып, бүгінгі таңға құрылыс аяқталмағанына қарамастан комиссия мүшелерімен қабылдап алынғандықтан прокурорлық қадағалау актісі енгізілетін болады.