Қызметтік борышын өтеу кезінде көз жұмған өрт сөндіруші Айбын орденімен марапатталды

Бұл туралы Caravan.kz  медиа порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды. 

Арслан Құрманбеков - азаматтық қорғаныс сержанты.

1994 жылы 23 тамызда Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын Алматы қаласы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ №9 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде өртсөндіруші-құтқарушы ретінде бастаған. Алматы қаласы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ №1 өрт сөндіру бөлімінде өртсөндіруші, аға өртсөндіруші-құтқарушы болып қызмет атқарған.

Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №7 өрт сөндіру бөлімінің аға өртсөндіруші-құтқарушысы лауазымына 2019 жылы тағайындалған.