Қызметтік көлігінде ұйқыда жатқан полицей желі қолданушыларының шамына тиді

Атырауда көлігінде ұйықтап жатқан полицей Желі қолданушыларының шамына тиді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқырмандар редакцияға полицейдің көлікте ұйықтап жатқан суретін жолдады. Суреттегі көлікте "Жол-патрульдiк полициясы" жазуы мен Е545КР тіркеу нөмірі анық көрінеді.
І


ІІД өкілдері осы дерек бойынша тексерістің басталғанын хабарлады. Баспасөз қызметіндегілер жетекшінің еңбек демалысында болғанына байланысты мән-жайды айта алмады.