Қызметтік тұрғын үйлерді жекешелендіруге шектеулер енгізілуі мүмкін - С. Нокин


«Қолданыстағы тәртіпке сәйкес, меншік құқығындағы басқа да елді мекендерде тұрғын үйі бар тұлғалар жұмыс орны бойынша қызметтік тұрғын үйлерін алуға құқығы бар екені белгілі. Сонымен қатар, мұндай азаматтар қызметтік тұрғын үйлерін жекешелендіре алмайды, себебі іс жүзінде олардың жеке тұрғын үйін иеліктен шығару немесе тұрғын үй сатып алу арқылы өзінің баспана мәселесін жақсартуға мүмкіндігі де баршылық. Осыған байланысты осы тұлғалар үшін тұрғын үйлерді жекешелендіруге шектеу енгізілетін болады», дейді Серік Нокин. Оның айтуынша, қызметтік тұрғын үйде тұратын тұлғалар жекешелендіруге өтініш бергенге дейінгі соңғы бес жыл ішінде меншік құқығындағы үйлерді иеліктен шығарған жағдайда да тұрғын үйлерді жекешелендіруге шектеу қойылмақ.