Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
" Қызыл күрте киіп, ақ лента байлағандар кімдер?
Террористер билікті басып алғанда көзге көрінер еді, олардың арам пиғыл-айласы жүзеге аспай қалған соң, бірқатары - халықтың арасына сіңісіп, екінші бөлігі қашып кетті. Осылайша, олардың ел алдында сөйлегендері ғана ұсталды.
Ал Алматыдағы төңкеріс маған мәлім тактикамен орын алды. Басынан өткен адам ғана мұндай төңкерістің шығу түбін біледі!
Арыста жойқын жарылыс орын алып, халық ашу-ызаға булығып отырғанда, мешітте түнеп жүрген көпшілікке сырт жақтан сақалды бөтен жігіттер келіп, жанашыр кейіппен үгіт жүргізе бастады. Өзімнің жерлестерімнің тамақ-суын тасып, хал-жағдайын біліп жүрген соң, түстері суық жігіттер бірден көзге түсіп, күдік тудырды. “Көтерілу керек, өлген адамдар көп, бұл билік сендерге ештеңе жасап бермейді, осылай бейшара болып қаласыңдар!”,-деп әбден таныс адамдарымның санасын улағанын көрдім жүрдім. Мешітке күнде кешке барып жүріп, үшінші күні журналист Анар ханым мен бұрылғанымызда алдымыздан бір топ жігіт қолында бейнекамерасы бар журналист Қанатты қуалап бара жатқанына куә болдық. Соңынан ілесе біз де жүгірдік. Сонда сақалы тізесіне жеткен, бойы ұзын жігіт: “Журналистерді ұру керек! Олар дұрыс ақпарат таратпай жатыр!”- деп, сондағы қауымды БАҚ өкілдерін, журналистерді ұрып-соғуға шақырып жатыр екен. Полиция қызметкерлері болмағанда, сол жерде біз де таяқтың астында қалар едік. Ертесіне журналист Оңғар Қабденге мешіттің жанында сақалды арандатушылардың жүргендері жайлы сұқбат бердім. Бұл жайтты Түркістан облысы Ішкі саясат қызметкерлеріне, полиция басшылығына да ескерттім. Олар сол кезде менің ескертуімді тіпті құлақтарына да ілген жоқ!
Үшінші күні өз жұмыстарыммен басқа ауданда жүрсем, “Арыстықтар көтеріліп жатыр, басылар емес” дегенді естідім, тез арада қалаға ұшып келдім. “Бекжан” базардан бастаған көш Әл-Фараби алаңына жетіп қалыпты. Бірден араларына қосылдым, өзім танитын кісілерді ақылға шақырдым. Танитындар ақылға келіп, менің жағыма өтіп, біразы сабырға келіп, өз талаптарын айта бастады. Бір уақытта клеткі көйлек киген жігіттер ғимараттарды қиратып, жолды жабуға үгіттеуге көшті. Мені көрген бойда “Нұрбот” халықты алдап отыр деп жала жауып, оған сенбеңіздер деп атойлады. Риза болғаным, өз жерлестерім жерге қаратпады. Бәрі тыпыр етпей, алаңда жанымда тұрды. Арыста абыройы бар деген барлық ағаларды, жігіттерді қасыма жинап алып, халыққа басу айттық. Сол сәтте ортаға бір қыз айқайлап шықты, жылап шашын жұлып: “Ағамнан айрылдым, ойбай! Бұл шіріген жүйе, билікті жою керек! Киімім жоқ, аш-жалаңаш қалдым“, - деп жұлқынған соң, оған жаным ашып, қасында тұрған “Шымкент плазаға” киім алып беруге кірдім. Себебі қыздың киімі тым ашық, денесінің бәрі көрініп тұр, елден ұят болмасын, ашуын сәл басайын деп, сабырға шақырғым келді. Қызды ішке алып кірген соң, қыз артына қарай берді, артымыздан клеткі көйлек киген екі жігіт аңдып жүрді. Қыз әжетханаға шығып, өзінің шаршағанын айтты. Қасына жақындай бере қыздың шегіп алған адамдарша өзін дұрыс ұстай алмай тұрғанын байқадым.
Сосын, бұл қыз сыртқа шыққан бойда, қайта әйлеуләлйлімді басты! Жолда қыздың қай көшеде тұрасың деп сұрағанымда, үйінің мекен-жайын айта алмады. Бірден провакатор екенін біліп, жерлестерімді ескерте бастадым. Жерлестерім жәй тарқай бастады, ал арандатушылардың біразы ағаштардың түбінде, ғимараттардың жанында бақылап тұрды. Ал жаңағы айқайлап жүрген қыз соңында қасыма келіп отырып:”Бәрін тарқатып жібердіңіз ғой әпке, еліміз тыныш болсын бастысы! Билік бізге бәрін жасап береді ғой, ақылға келейік жігіттер”, - деп әңгімесі өзгеріп, түк болмағандай күліп шыға келді. Қасымдағы қалған біраз жігіттер:”Арыстықтарды лох деп тұрсың ба? Аяғыңды жалтырат бұл жерден!”, - деп қызды қуып жіберді!
Бұнымен мен не айтқым келіп отыр? Шынтуайтында, әрбір шудың артында - бір дирижер тұрады!
Егер, арыстықтар сол кезде сол провакаторлардың айтқанына еріп, ғимараттарды қиратып, жолды жауып, көліктерді өртегенде - біразы қамалып, біразы жараланып, кешегідей хаос болар еді.
Қаңтарда болған митингіні де осындай бір дирижер тиімді пайдаланып отыр!
Қызыл куртка киіп, ақ лента байлағандар - халықты арандатуға шақырған бұйрық орындаушылар!
Тапсырма берушілер жеңсе - солармен тойлайды, жеңілсе - халықты тыныштыққа шақырған түрмен екінші жаққа оңай өте салады! Болды!
Бұл - билікті басып алғысы келгендер сәләфиттердің бір ғана айласы. Ал ертең басқа да айласын жазбақпын. Себебі, мұндай қитұрқылықтың құрбаны да, арандатушылықтың зардабын шегіп жатқан әдеттегідей - қара халық!",-деп сөзін аяқтады.
https://www.facebook.com/photo?fbid=3149440361998636&set=a.1381809325428424
Желі оқырмандары: "Оңбағандар ғой","Тек қара басына кетсе екен","Айгүл мықтысың","Осы қыз жарады","Шындықты айтатын жалғыз журналист",-деп пікір жазды.