Қызылорда кеденінің бастығы тағайындалды

Үстіміздегі жылдың 29 сәуірінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №461 «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің мәселелері туралы» қаулысы қабылданған болатын. Осы қаулы негізінде Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары бойынша Кедендік бақылау департаменті құрылды, яғни екі облыстың бұрынғы дербес департаменттері біріктірілді.

Жаңа лауазымға тағайындалып отырған Балабиев Қайрат Рахымұлы 1965 жылы туған, жоғары білімді заңгер және қаржыгер, Заң ғылымдарының докторы. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген 1990 жылдан бастап, 2007 жылға дейін жоғары қадағалау органы - прокуратура саласының қызметкері. Шымкент қаласының прокуроры, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстық прокурорының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған. 2007 жылдан бастап Қазақ мемлекеттік заң университеті ғылыми-зерттеу институтының директоры.

Қайрат Балабиев бүгін «Қызылорда» кеденінің бастығы қызметіне кірісті.