Қызылорда мен Шымкентте балалар суға батып кетті

ТЖМ ақпараты бойынша, 11 мамырда 20.00 сағатта Қызылордада Сырдария өзенінде 3-4 жасар баланың денесі табылды. Оның кім екендігі анықталмады. Баспасөз қызметі хабарлағанындай баланың денесін жергілікті тұрғындар судан шығарып алған.

Сонымен қатар, Шымкентте 11 мамырда 19 сағат 30 минутта Қошқар -ата өзенінде екі жасар қыз баланың денесі табылды. Баспасөз қызметі хабарлағанындай құтқару қызметінің сүңгуірлері қыз баланың денесін судан шығарған.