Қызылорда облыстық драма театры «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» спектаклін қойды

Мұнда басты рөлдерді театр труппасының жас әртістері орындады. Атап айтқанда, Баян бейнесін Ақтолқын Төлепова, Қозыны - Арай Көшімбаев сомдады. Спектакльді театр режиссері мәдениет қайраткері Оңталап Нұрмаханов қойды.

Көрермендер классикалық туындының сахналық жаңа нұсқасын жылы қабылдады.