Қызылорда облыстық "Сыр бойы" газетіне 75 жыл толды

"Сыр бойы" газетінің алғашқы саны 1929-жылдың 1-шілдесінде жарық көрген. Ғасырдың төрттен үш бөлігін артта қалдырған газет "Ленин туы", "Ленин жолы" тәрізді бірнеше атауларды өзгертіп, соңына қайтадан байырғы атауын қайтарып алды.

Басылымның бас редакторы Жақсылық Рахматулланың айтуынша, газет тігінділері шын мәнісінде өңір тарихының шежіресіне, Сыр өңірі тұрғындарының тағдыр-талайы туралы ұжымдық баянға айналды. Осы аймақтың танымал жазушылары, ғалымдары мен журналистері еңбек жолын осы газетте бастаған.
"Сыр бойы" газеті қазір жергілікті басылымдар арасындағы ең таралымы мол басылымға саналады. Газеттің тұрақты жазылушыларының саны 12 мыңнан асады.