Қызылорда облысы 2015 жылға дейін 8,7 мың бас сиыр сатып алмақ

Игі бастама «Ірі қара етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасы бойынша қолға алынуда.

 «2013 жылы 73 шаруа қожалығы «ҚазАгро» АҚ арқылы 2644 бас сиыр, 142 асыл тұқымды бұқаны несиеге алған. Одан бөлек, жеке шаруа қожалықтарына қазақтың 100 ақбас сиыры мен 20 бұқа сатып алынды», - дейді Талғат Бекішев.

Ал "Қазагроөнім" АҚ жанындағы «KazMeat» ЖШС арқылы несиеге 210 сиыр және 7 асыл тұқымды бұқа сатып алынған. Өткен жылы «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 500 бас ірі қараны бордақылайтын орын жасауға 139 млн. теңге бөлінген болатын.