Әкімнің бірінші орынбасары ретінде Б.Жүсіпов облыстағы құқық қорғау мекемелерінің іс-қызметін жауаптанып, барлық мәселелер бойынша өңір басшысын алмастыратын болады.
"Бейбіт Жүсіпов сенат депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитеттің хатшысы, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеттің мүшесі ретінде республиканың заңнамалық базасын жетілдіруге лайықты үлес қосты десек асыра айтқандық емес",- деді кеше облыстық активтің жиынында осы тағайындау туралы түсініктеме берген өңір басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед.
М.Құл-Мұхаммед әкімшіліктегі ауыс-түйістерді қорытындылады. "Арал өңіріндегі аудандың 8 басшысының бесеуі өз орындарында қалды. Облыстық департаменттер мен басқармалардың 21 жетекшісінің 13-і өз лауазымдарын сақтап қалды",- деді әкім.
"Бүгін біздің облыстың билік құрылымдарында түрлі буын өкілдері өз біліктілігі мен біліміне қарай теңдей таратылып тағайындалған",- деді облыс әкімі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті