Қызылорда облысы журналист Руслан Бөлебайды еске алды

Журналистика саласына ерте араласқан Руслан жастайынан бірнеше мерзімді басылымдарда тілші болды. 2 жылдай КТК арнасында да еңбек етті. Одан кейін «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Таңшолпан» бағдарламасын жүргізген. Әріптесіміз осыдан 6 жыл бұрын көлік апатынан қаза тапқан болатын. Бар жоғы 24 жыл ғұмырында ол әншілік қырынан да танылып үлгерді. Өмірден ерте кеткен талант иесін еске алу шарасына туған өлкесі – Шиелі өңіріне жұрт көп жиналды.

Әбдісаттар Бөлебай, Русланның әкесі:

-Шиелінің тумасы, Қазақстанға белгілі болған, елдің, халықтың баласы атанған Руслан Бөлебайдың да қара үйі тігіліп, соған жан-жақтан қонақтар келіп жатыр. Жаста болса еске алып, құрметтегеніне шын жүректен алғысымды білдіремін.

Loading...