Қызылорда облысында 12 мектеп құрылысы салынуда

Оның айтуынша, Арал қаласында, Қармақшы ауданы Ақтөбе ауылында және Қызылорданың іргесіндегі Тартоғайда ірі үш мектептің құрылысы республикалық бюджеттен бөлінген қаржының есебінен салынуда.

Қалған білім беру нысандары жергілікті бюджеттің есебінен салынуда. Атап айтсақ, Арал ауданы Райым ауылында, Қазалы ауданы Абай ауылында және Сырдария ауданында екі мектеп құрылысы салынып жатыр.
Сонымен бірге Қызылордадағы таяуда құлап қалған №6 мектептің орнында биыл қайтадан жаңа ғимарат салынады. Бұл мақсатқа 300 млн. теңге бөлінді.
Білім беру нысандары 2005-жылдың үшінші тоқсанында пайдалануға беріледі. Бірақ барлық мердігерлер бұл нысандарды 1-қыркүйекке дейін іске қосамыз деп уәде беруде.
А.Жұматовтың айтуынша, биыл мектептерге арнап 886 компьютер мен 60 принтер сатып алу көзделген. Өткен оқу жылында 73 оқушыға бір компьютерден келсе, биыл ол 47 болмақ. Ал норматив 35-ке тең. Биыл мектептердің 75 процентін интернетке қосу жоспарланған. Ол үшін қосымша 14,8 млн. теңге бөлінбек.
Сонымен бірге биылғы оқу жылында мектептерге 658 тақта мен 6812 парта беріледі. Мектептерді жылыту проблемасын шешу үшін жергілікті билік отын сатып алуға қосымша 155,4 млн. теңге қарастырып отыр.