Қызылорда облысында 20 тамыздан кейін егістік суы іс жүзінде болмайды

"Қазақстан мен Өзбекстанның гидрометеорологиялық бюроларының мамандары көптеген жылдар бойы жүргізілген бақылауларға сүйене отырып жыл басында-ақ алдағы судың жетіспеушілігі жайында ескерткен болатын", - деді Б. Жақып. Осыған байланысты ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің Су ресурстары комитеті барлық өңірлерге пайдаланатын судың мөлшерін белгілеген еді. Қызылорда облысы үшін 3,5 млрд текше метр су қарастырылған. Оның 2,9 млрд текше метрі суғару жұмыстарына, ал қалғаны экологиялық қажеттіліктерге есептелген.

"Көрсетілген мөлшер 2007 жылы бөлінген судың мөлшерінен 752 миллион текше метрге аз болып шықты", - деп толықтырды "Қызылорда су шаруашылығы" МҚК.